Жалпы қан талдауы
Мақсаты: Сіздің жағдайыңызды объективті бағалау.
Пациентті дайындау:
- жалпы қан талдауын тапсыру үшін арнайы дайындық талап етілмейді;
- қан зерттеуге таңертең, аш қарынға тапсырылады;
- талдау алдында шылым шегуге болмайды;
- физикалық жүктеме орындамау керек;
- талдауды алу емдеу-диагностикалық рәсімдер жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілген ұсыныстарды дәл орындауыңыз өте маңызды, себебі тек осы жағдайда ғана құнды нәтижелер алынады!
Пациентті талдаулар тапсыру емшарасына дайындау
Биохимиялық, иммунологиялық қан талдауы
Мақсаты: Сіздің жағдайыңызды объективті түрде бағалау
Пациентті дайындау:
- қарсаңындағы кешкі ас соңғы рет сағат 20.00-ден кешіктірілмеуі тиіс;
- ащы, майлы, қуырылған тағамдарды және тәттіні көп мөлшерде тұтынбау керек;
- зерттеуге қан таңертең, аш қарынға тапсырылады;
- талдау алдында шылым шекпеу керек;
- дене жүктемесін орындамау қажет;
- талдау алу емдік-диагностикалық емшаралар жүргізілгенге дейін жасалады;
- гормондарды қабылдағанға дейін;
- дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін.
Көрсетілген ұсыныстарды дәл орындауыңыз өте маңызды, себебі тек осы жағдайда ғана құнды нәтижелер алынады!
Пациентті талдаулар тапсыру емшарасына дайындау
Қандағы қант мөлшері
Пациентті дайындау:
- соңғы ас ішу қан алудан кем дегенде 6-8 сағат бұрын болуы керек, яғни таңертең аш қарынға;
- зерттеу қарсаңында ащы, майлы, қуырылған тағамдарды, тәттіні көп мөлшерде тұтынбау керек;
- таңертең зерттеу алдында пациент эмоционалды тыныш күйде болуы тиіс;
- талдау алдында шылым шекпеу керек;
- дене жүктемесін орындамау қажет.
Көрсетілген ұсыныстарды дәл орындауыңыз өте маңызды, себебі тек осы жағдайда ғана құнды нәтижелер алынады!
Пациентті талдаулар тапсыру емшарасына дайындау
Гликемиялық профиль
Мақсаты: тәулік бойы қандағы қант деңгейін динамикалық бақылау.
Пациентті дайындау:
- пациент үш тәулік бойы үйреншікті тамақтану режимін сақтауы тиіс;
- зерттеу қарсаңында соңғы ас ішу кешкі сағат 20.00-21.00-ден кешіктірілмеуі керек;
- таңертең зерттеу алдында пациент тыныш күйде болуы тиіс;
- талдау алдында шылым шекпеу керек;
- дене жүктемесін орындамау қажет;
- таңертең аш қарынға глюкоза мөлшерін анықтау үшін саусақтан қан алынады. Одан кейін пациент әдеттегі таңғы асын ішеді;
- таңғы астан кейін 120 минуттан (2 сағаттан) соң қан қайта алынады;
- қан әр тамақ ішудің алдында және тамақтанғаннан кейін 90 минуттан соң алынады (эндокринологтың және емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша).
Көрсетілген ұсыныстарды дәл орындауыңыз өте маңызды, себебі тек осы жағдайда ғана құнды нәтижелер алынады!
Пациентті талдаулар тапсыру емшарасына дайындау
Зәрді жалпы клиникалық зерттеу
Мақсаты: Сіздің жағдайыңызды объективті бағалау.
Пациентті дайындау:
- бөлімшенің мейіргерінен аты-жөніңіз, бөлімше және палата нөмірі көрсетілген зәр жинауға арналған ыдысты алу;
- дене жүктемелерінен бас тарту;
- зәр жинау алдында сыртқы жыныс мүшелеріне бөлінділер түспеуі үшін оларды сабынмен жуып, мұқият гигиеналық тазалау жүргізу қажет;
- таңертеңгі зәрдің үлесін жинау керек: алғашқы бірнеше миллилитрін унитазға төгіп, содан кейін барлық зәрді ыдысқа жинап, бөлімше мейіргері көрсеткен орынға жеткізу керек.
Көрсетілген ұсыныстарды дәл орындауыңыз өте маңызды, себебі тек осы жағдайда ғана құнды нәтижелер алынады!






































