№ 9 емдәм (стол) – қант диабеті кезінде
Жалпы сипаттамасы. Негізінен көмірсуларды (әсіресе тез сіңетіндерін) және аз дәрежеде майларды шектеу есебінен энергетикалық құндылықты қалыпты мөлшерде азайту; бұл ретте ақуыз мөлшері нормаға сай сақталады. Холестерин мен экстрактивті заттар шектеледі. Липотропты заттар мен дәрумендердің мөлшері арттырылады.
Энергетикалық құндылығы – 9630 кДж (2300 ккал).
Химиялық құрамы: ақуыздар – 100 г (60%-ы жануар текті), майлар – 80 г (25-30%-ы өсімдік текті), көмірсулар – 300 г, натрий хлориді – 12 г, бос сұйықтық – 1,5 л.
Аспаздық өңделуі. Әдеттегідей. Тәтті тағамдар мен сусындарды дайындау кезінде қант алмастырғыштар қолданылады.
Тамақтану режимі. Тамақ көмірсуларды дәл бөле отырып, күніне 5-6 ретке дейін қабылданады (диетаны сынама ретінде пайдаланғанда көмірсулар тамақ ішу арасында тең бөлінеді, ал инсулин қолданғанда — оның дозасы мен енгізілу уақыты ескеріледі).
Ұсынылатын және шектелетін өнімдер мен тағамдар
- Нан және ұн өнімдері.
Ұсынылады:қара бидай наны, ақуызды-бидай, ақуызды-кебек наны, 2-ші сұрыпты бидай наны; күніне орта есеппен 300 г.
Шығарылады:майқоспалы (сдобные) және тәтті ұн өнімдері. - Ет және құс еті.
Ұсынылады:майлы емес сиыр, бұзау, қой еті, шеті кесілген (обрезная) және етті шошқа еті, қоян, тауық еті (тартылған немесе кесек түрінде), пісірілген, бұқтырылған және пісірілгеннен кейін қуырылған түрінде; сиыр етінен жасалған дірілдек (студень), тауық етінен жасалған заливное. Майсыз ветчина, «Докторская», «Диабетическая», сиыр етінен жасалған шұжықтар, сосискалар.
Шығарылады:еттің майлы түрлері, қаз, үйрек, майлы ветчина, ысталған шұжықтар, консервілер. - Балық.
Ұсынылады:майлы емес түрлері пісірілген, пісірілгеннен кейін қуырылған немесе буға пісірілген түрінде; заливное. Тұзы шығарылған майшабақ (сельдь) — шектеулі мөлшерде; томат соусындағы немесе өз сөліндегі консервілер.
Шығарылады:майлы түрлері, тұздалған балық, уылдырық. - Жұмыртқа.
Ұсынылады:күніне 2 данаға дейін, пісірілген немесе қуырылған түрінде. - Сүт өнімдері.
Ұсынылады:сүт, ұйыған сүт (простокваша), кефир, майсыз немесе жартылай майлы сүзбе, тұзсыз және майсыз ірімшік, қаймақ — шектеулі мөлшерде.
Шығарылады:тәтті сүзбелер, кілегей (сливки). - Майлар.
Ұсынылады:сары май және өсімдік майлары.
Шығарылады:ет майлары (жануар майы) және кулинариялық майлар. - Жармалар, макарон өнімдері және бұршақ тұқымдастар.
Ұсынылады:арпа (ячневая), қарақұмық (гречневая), інжу-арпа (перловая), тары, сұлы жармаларынан жасалған ботқалар; бұршақ (көмірсулар нормасын ескере отырып, шектеулі мөлшерде).
Шығарылады:манна жармасы, күріш, макарон өнімдері. - Көкөністер.
Ұсынылады:қырыққабат, салат жапырақтары, асқабақ, кәді (кабачки), қияр, қызанақ, баклажан. Көмірсулар нормасын ескере отырып: картоп, сәбіз, қызылша, жасыл бұршақ.
Шығарылады:маринадталған және тұздалған көкөністер. - Сорпалар.
Ұсынылады:қою емес, майсыз ет, балық, саңырауқұлақ сорпаларында дайындалған; картоппен, көкөністермен, фрикаделькалармен, рұқсат етілген жармалармен; борщ, щи, қызылша сорпасы, окрошка (етті және көкөністі).
Шығарылады:майлы сорпалар, жарма және кеспе қосылған сүт сорпалары, бұршақ тұқымдастардан жасалған сорпалар. - Жеміс-жидектер, тәтті тағамдар мен тәттілер.
Ұсынылады:қышқылтым-тәтті жемістер мен жидектердің кез келген түрі. Компоттар, мусстар, желе, кәмпиттер (сорбит, ксилит, сахарин қосылған жаңғақ печеньелері).
Шығарылады:жүзім, мейіз, құрма (финики), інжір, банан, қант, бал, тосап, кәмпиттер, балмұздақ. - Тұздықтар мен дәмдеуіштер.
Ұсынылады:көкөніс қайнатпасы негізіндегі, сондай-ақ әлсіз әрі майсыз ет, балық және саңырауқұлақ сорпаларында дайындалған тұздықтар; ақжелкек (хрен), бұрыш, қыша (горчица) — шектеулі мөлшерде.
Шығарылады:ащы, тұзды және майлы тұздықтар. - Сусындар.
Ұсынылады:шай, кофе, сүт қосылған какао (қантсыз), итмұрын қайнатпасы, тәтті емес жас жемістер мен жидектердің шырындары, қызанақ шырыны.
Шығарылады:тәтті жеміс-жидек шырындары (жүзім және т.б.), тәтті квас, қант қосылған лимонадтар.
ЕМДІК ТАҒАМ
№ 10 емдәм (стол) – жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде
Мақсаты. Ас қорыту мүшелері мен бүйрекке қалыпты жеңілдік бере отырып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жеңілдету; диурезді (зәр шығаруды) арттыру және аралық алмасу процестерін жеңілдету.
Жалпы сипаттамасы. Натрий хлориді мен сұйықтықты, өсімдік жасұнығын (клетчатка), холестеринге бай және ішекте желдің жиналуына (метеоризм) ықпал ететін өнімдерді айтарлықтай шектеу; жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесін қоздыратын, бауыр мен бүйректі тітіркендіретін заттарды (экстрактивті және т.б.) шектеу; рационды калий, кальций тұздарымен, липотропты заттармен (лецитин, метионин) байыту; ағзаға дәрумендердің жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз ету.
Энергетикалық құндылығы – 9839-10886 кДж (2350-2600 ккал).
Химиялық құрамы: ақуыздар – 80-90 г (60%-ы жануар текті), майлар – 70 г (30%-ы өсімдік текті), көмірсулар – 350-400 г, натрий хлориді – 5-7 г (оның ішінде 3-5 грамы жекелеген тағамдарды дәміне қарай тұздау үшін науқастың қолына беріледі; қалған мөлшері табиғи өнімдердің құрамында болады);
бос сұйықтық – 1,2 л.
Аспаздық өңделуі. Қалыпты механикалық өңдеу; барлық тағамдар тұзсыз дайындалады.
Тамақтану режимі. Тамақ күніне 5 рет қабылданады.
Ұсынылатын және шектелетін өнімдер мен тағамдар
- Нан және ұн өнімдері.
Ұсынылады:кеше пісірілген қара бидай және бидай наны, майқоспасыз печенье және бисквит; күніне орта есеппен 300 г.
Шығарылады:жаңа піскен нан, майқоспалы (сдобное) және қабатты (слоеное) қамырдан жасалған өнімдер, құймақ (блины). - Ет және құс еті.
Ұсынылады:майсыз түрлері (сиыр, бұзау, етті шошқа еті, тауық, күркетауық, қоян) пісірілген түрінде, кейіннен пісіруге (запекание) немесе қуыруға болады, кесек немесе тартылған түрінде.
Шығарылады:майлы түрлері, үйрек, қаз, шұжық өнімдері, ысталған еттер, консервілер. - Балық.
Ұсынылады:майлы емес түрлері пісірілген немесе буға дайындалған түрінде, тартылған немесе кесек күйінде.
Шығарылады:майлы түрлері (бекіре, ақбалық, кета және т.б.), ысталған, тұздалған балық, балық уылдырығы, консервілер. - Жұмыртқа.Күніне бір дана, аспаздық өңдеуге шектеу қойылмайды.
- Сүт өнімдері.
Ұсынылады:табиғи сүт (егер іш кебуін тудырмаса), кілегей, сүт қышқылды сусындар, қаймақ, сүзбе, аз тұздалған ірімшік.
Шығарылады:тұзды ірімшіктер. - Майлар.
Ұсынылады:тұзсыз сары май және өсімдік майлары.
Шығарылады:ет майлары (жануар майы) және кулинариялық майлар. - Жармалар, макарон өнімдері және бұршақ тұқымдастар.
Ұсынылады:суға немесе сүтке пісірілген кез келген жармалар мен макарон өнімдері (ботқалар, пудингтер, котлеттер және т.б.).
Шығарылады:бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрмебұршақ). - Көкөністер.
Ұсынылады:картоп, қызылша, сәбіз, ақ қырыққабат және гүлді қырыққабат — пісірілген және пеште пісірілген түрінде. Қияр, қызанақ, сәбіз, салат жапырақтары, көк пияз, аскөк, ақжелкен — шикі түрінде.
Шығарылады:ашытылған, тұздалған, маринадталған көкөністер; шалғам (редька, редис), шпинат, қымыздық (щавель), саңырауқұлақтар. - Сорпалар.
Ұсынылады:вегетариандық сорпалар (картоппен, көкөністермен, жармалармен), сүт және жеміс сорпалары.
Шығарылады:ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары; бұршақ қосылған сорпалар. - Жеміс-жидектер, тәтті тағамдар мен тәттілер.
Ұсынылады:жұмсақ жидектер мен жемістер шикі түрінде; компоттар, кисельдер, желе, мусстар, самбуктар, сүт кремдері, тосап, бал, шоколадсыз кәмпиттер, зефир, пастила.
Шығарылады:ірі жасұнықты (клетчатка) жемістер, дәні қатты жидектер, шоколад, торттар мен пирожныйлар. - Тұздықтар мен дәмдеуіштер.
Ұсынылады:көкөніс қайнатпасы негізіндегі, қаймақты, сүтті, томатты тұздықтар; жеміс тұздықтары (подливки); ванилин, даршын (корица), қалампыр (гвоздика).
Шығарылады:ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары негізіндегі тұздықтар; бұрыш, ақжелкек (хрен), қыша (горчица). - Сусындар.
Ұсынылады:қою емес шай, кофе суррогаты (цикорий және т.б.), көкөніс пен жеміс шырындары (жүзім шырыны — шектеулі мөлшерде), итмұрын қайнатпасы.
Шығарылады:қою шай, табиғи кофе, какао, газды сусындар.






































