Приемная: 8 (7212) 41-54-53
Приемный покой: 8 (7212) 44-55-15
Регистратура: 8 (7212) 44-51-74

Кардиохирургия, называемая иногда сердечно-сосудистая хирургия — область хирургии и кардиологии, устраняющая патологии сердечно-сосудистой системы. В частности, кардиохирургия является самым эффективным способом лечения ишемической болезни сердца, позволяющим предотвратить развитие инфаркта миокарда.

Горячие линии


Личный прием директора Нурлыбаева Ержана Шакировича: по вторникам и четвергам с 16.00 до 17.00,
Заместителя по медициснкой части Богославского Павла Владиславовича: по средам с 16.00 до 17.00. Телефон для записи: 41-54-53

380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жəрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану

  1. Медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жəрдем көлігі жүргізушісінің өз қызметтік немесе кəсіптік міндеттерін орындауы кезінде немесе орындауына байланысты не оларды орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға қатысты күш қолдану қатерін төндіру -

екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі жəне одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты жəне себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі жəне одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты жəне себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екі немесе одан көп адамға қатысты;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тəртіпсіздіктер барысында;

5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терро ризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-əрекет -

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.